Индонезияда табиғи апат салдарынан 60-қа жуық адам қаза тапты

0
101
AP photo

Индонезияда қатты нөсерден кейін аяқ астынан жүрген сел және су тасқыны салдарынан адам қазасы болды. 17 наурызда төтенше жағдай қызметі Папуа провинциясында 60 -қа жуық адам қаза тауып, 74 зардап шекті деп хабарлағанын жазады, Deutsche Welle.

Табиғи апаттар бойынша Ұлттық басқарма төрағасы жүздеген үйді су алғанын хабарлады. Төрағаның сөзінше су басқан барлық аудандарға жету әзірге мүмкін емес, сол себептен құрбандар саны  артуы әбден мүмкін.

Табиғи апаттан бұзылған көпірлер мен жолдар құтқару қызметіне кедергі келтіруде. Провинция әкімшілігі екі аптаға төтенше жағдай жариялады. 4 мыңға жуық тұрғын уақытша баспаналарға көшірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз