Иранның әйелдер мен отбасылық істер жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекар коронавирус жұқтырды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
“Коронавирус жұқтырудың кейбір белгілерін ескере отырып Эбтекар ханымға анализ жасалған және вирустың жұққаны анықталған”, – деді агенттікке вице-президенттің кеңесшісі.
Осыған дейін Иранда денсаулық сақтау министрінің орынбасары мен екі парламентарийдің де ауруға шалдыққаны анықталған болатын.
Сондай-ақ коронавирустың кесірінен Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хосровшахи да 81 жасында қайтыс болды.
Еске салайық, Иранда жалпы 245 адам ауруды жұқтырса, оның 26-сы қайтыс болды.