Италияның Сардиния жағалауында қазақстандық туристер мінген яхта өртеніп, суға кетті. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Жағалау күзетінің өкілдері 17 адамды құтқарған. Операцияға екі қайық пен тікұшақ жұмылдырылған.
Итальяндық ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 50 метрлік Lady mm яхтасы Каприден Сардинияға қарай бет алған. Өрт шыққан кезде кемедегі 17 адам (8 турист және экипаждың 9 мүшесі ) кемені тастап, жағалау күзеті келген кезде кемеден қайыққа ауысқан.