Израильдің Сирияға жасаған шабуылынан 30-ға жуық адам жер құшты

0
109
Израиль әскерилері


Сириядағы Иран нысандарына Изариль тарапынан жасалған әуе шабуылы салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тапты. Бұл ақпарды «Адам құқықтары бойынша Сирия бақылау кеңесі» (SOHR) сенбі 12 мамырда хабарлады. Кеңес басшысы Әбдел Рахманның сөзінше, қаза тапқандардың алтауы – Сириялық жауынгер, 11-і – ирандық және 21-і – шетелдік жауынгер.

Лондонда орналасқан Сирия бойынша сарапшылар ақпарларды желі арқылы Сириядағы дереккөздерден алады. Олардың сөздері әрдайым ресми түрде растала бермейді, деп жазады Deutche Welle басылымы.

10 мамырға қараған түні Израиль Сирияға зымыран шабуылдарын жасады, кейіннен Израиль Сирияға жасалған операция нәтижесінде аталған аймақта орналасқан Иранның әскери инфрақұрылымы жойылды деген ақпар таратты. Кейіннен 11 мамырда Иран аятолласы Ахмед Хатами «егер Изариль өзін ессіз ұстайтын болса», Тель-Авив пен Хайфу қалаларын қирататынын айтып, сес көрсетті. Өз кезегінде Израиль билігі Иран әскери инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын ислам революциясы қорғау Корпусының Сирия аумағындағы Израиль әскери базаларына жасалған шабуылына жауап деп түсіндірді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз