Израиль халқының 77% әлеуметтік желіні қолданады. Бұл туралы cursorinfo.co.il ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақпарат агенттігі Pew Research Center орталығының зерттеу деректерін келтірген. Онда Израиль халқының 77% ересектері әлеуметтік желіні қолданатыны айтылған. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореядан (екінші орында) 1% артық және АҚШ-тан (6-орында) 7% көп.
Сонымен қатар, бұл ел смартфондар саны бойынша екінші орында екен, оны ересектердің 88% қолданатын болып шықты. Ал, Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш 95% жеткен, сондай-ақ АҚШ жұртшылығының 81% смартфонды тұрақты пайдаланатыны белгілі болған.