Израильде өткен діни мереке кезінде 44 адам қаза тапты

0
453
photo: REUTERS

Израиль елінде діни мерекеге жиналған халық қайтып бара жатқан кезде тар дәлізде кептеліп, салдарынан 44 адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.

Жыл сайын өтетін Израиль халқының Лаг ба-Омер діни мерекесіне 100-300 мың арасында адам жиналады. Биыл әдеттегідей жиналған тобыр, мереке біткеннен кейін шығып бара жатқан кезде, тәр дәліздің шығаберісін полиция қызметкерлері белгісіз себептермен жауып тастағандықтан адамдар кептеліп, бірнеше өлім жағдайы тіркелді.

Жедел жәрдем қызметінің бас директоры Эли Бин трагедия кезінде кем дегенде 44 адамның қаза болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, 150 адам жарақат алды. Олардың ішінде алтауының жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендердің ішінде балалар да аз емес.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде вакциналау бойынша әлемде бірінші орында тұрған Израиль билігі далада маска тағып жүру ережесін алып тастады.  Елде коронавирус жұқтырғандар да едәуір азайып, шектеу шаралары қысқара бастаған.

Оқи отырыңыз – Израиль далада маска тағып жүру ережесін алып тастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз