Сауд Арабиясында әйел баласын әуежайда ұмытып кеткені есіне түсіп, ұшқыштарға ұшақты кері ұшуға мәжбүрлеген.
Saudia әуекомпаниясына тиесілі Жидда-Куала-Лумпур бағыты бойынша әуеге көтерілген ұшақ мәжбүрлі түрде кері айналып, ұшып шыққан әуежайға келіп қонған. Мұндай қадамға ұшқыштар баласын әуежайда ұмытып кетіп, жанына алғанша ұшпайтынын алға тартқан әйел үшін барған, деп жазады The Guardian.
Ұшқыштың сөзінше әйел борт қызметкерлеріне баласының жоғалып кеткенін айтқан, бұдан кейін экипаж ұшақты басқарып келе жатқан қызметкерлерінен ұшу орнына қайта қонуларын сұраған. Экипаж каптианы келісім берген.
Жолаушы әйел және оның баласының әрі қарайғы тағдыры туралы компанияға хабар берілмеген екен.
Бұған дейін 2018 жылдың қазанында Штугарт әуежайында ерлі-зайыпты өздерінің бес жасар балаларын әуежайда ұмыт қалдырған. Ғимаратты емін-еркін аралап жүрген бес жасар баланы байқаған жолаушылар баланы полицияғ апарған, біраз уақыттан кейін баланы ата-анасы келіп алып кеткен.