Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Герберт Раймонд Макмастер Түркия мен Катарды батыс елдерінің мүддессіне қарсы экстремистік діни идеологияға қаржылай қолдау көрсететін радикализмнің жаңа демеушілері деп айыптады.
Макмастердің айтуынша, діни радикалдық идеология – барлық өркениет атаулыны құрдымға апаратын үлкен қатер.
Президент Трамптың кеңесшісі Макмастер радикалдық идеологияның қайырымдылық қорлары, медреселер және осыған ұқсас қоғамдық ұйымдар арқылы кеңінен таралып жатқанына АҚШ-тың жеткілікті көңіл бөлмейтінін нали жеткізді.
Ондаған жыл бұрын осындай қауіпті ұйымдарға Сауд Арабиясының қамқорлық танытқанын атап өткен Макмастер қазіргі таңда Катар мен Түркияның экстремистік діни идеологияға барынша қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Ердоғанның партиясы Түркияны батыстан алшақтатты
Әсіресе Түркияның жағдайына тоқталып өткен АҚШ-тық кеңесші түрік елінің президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын «Әділет және даму партиясының» үлкен саяси күшке ие болуымен Анкара мен батыс елдері арасында проблемалардың артқанына назар аударды.
«Ислами радикалдық идеологияның саяси исламға айналуы – үлкен проблема» деген Макмастер дәлел ретінде Түркиядағы «Әділет және даму партиясын» мысалға келтірді.
АҚШ-тық кеңесші Ердоған басшылығындағы партияның азаматтық қоғамды өзіне қарату арқылы билікті бір қолда топтастырғанын, бұл өзгерістердің өз кезегінде Түркияның батыстан ауытқуына ықпал еткенін атап өтті.