КХДР ядролық полигондарды жоюға кірісті

0
150

Солтүстік Корея 23-25 мамырға жоспарланған Пхунгери ядролық полигонын жоюды бастап кетті. Бұл туралы РИА Новости 38 North порталы Джонс Хопкинс атындағы университеттің зерттеу тобы есебіне сілтеме жасап хабарлайды.

«7 мамырда спутниктен түсірілген суреттер мен бүгінгілерді салыстыра қарағанда Пхунгери ядролық полигонындағы едәуір өзгерістер бар екені байқалады», дейді зерттеушілер.

Университеттің зерттеу тобы өкілдері бүгінге дейін бірнеше маңызды ғимараттыр сүріліп, теміржолдар мен рельс үстінде жүретін арбалар қиратылғанын хабарлады.

Джонс Хопкинс атындағы университеттің сарапшылары: «Тағы бірнеше аса маңызды ғимараттар сол қалпында сақтаулы тұр. Мұнымен қоса туннильге кіретін жол да ашық қалпында. Пхеньян бұл ғимараттарды 23-25 мамырдағы Пхунгери ядролық полигонының ресми жабылуына қалдырып отырған болуы мүмкін»

Бұған дейін, Корея Еңбекшілер Одағының Орталық Комитеті 23-25 мамырда Пхунгери ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Ядролық полигонынның ресми жабылуына әлемдік зерттеушілер мен Оңт.стік Корея, Қытай, АҚШ және Ұлыбритания мен Ресей БАҚ өкілдері қатысатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз