Король әулетінің ханшайымы Саудияның АҚШ-тағы елшісі атанды

0
102
дереккөзден

Рима бинт Бандар бен Сұлтан бен Әбдел Әзиз әл Сауд ханшайым Сауд Арабиясы Корольдігінің АҚШ-қа тағайындалған тұңғыш әйел елші атанды.
РИА Новости ақпарына сәйкес Саудия королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Сауд ханшайымды АҚШ-тың елшісі етіп тағайындау бұйрығына қол қойған.

Бұған дейін әл Сауд өз ұлы Халед бен Салманды аталған лауазымнан алып тастап, қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындаған еді.

Рима ханшайым 1983-2005 жылдар аралығында сауд дипломатиялық миссиясының Вашингтондағы басшысы болған Бандар ханзаданың қызы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз