Израиль шетелден келгендердің барлығын коронавирусқа байланысты 14 күн карантинде ұстау жөнінде шешім қабылдады.
Израильде 42 адамның коронавирусқа жұқтырғаны анықталған, бірақ қайтыс болғандар жоқ. Израиль билігі коронавирусқа шалдыққандармен қатынасы болуы мүмкін ондаған мың адамды да карантинге ұстауға кіріскен.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл шара “халықты қорғау үшін жасалып отыр деп түсіндірген”.
9 наурыз күні кешкі дерек бойынша, әлемде 114 мың адам коронавирус жұқтырған, 4004 адам өлген, 62 834 адам сауыққан. 9 наурызда барлығы 199 адам өлген (оның 97-сі Италияда).