Беларусь Президенті Александр Лукашенко құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне митинг кезінде әскери және арнайы техниканы қолдануға рұқсат беретін құжатқа қол қойды. Бұл туралы Рамблер сайты жариялады.
Лукашенко “Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңдарды өзгерту туралы” заң жобасына қол қойғаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіледі.
Атап айтқанда, қауіпсіздік қызметкерлері митинг кезінде ұсталған азаматтардың заттары мен көлік құралдарын тексере алады.
Сондай-ақ, құжатта тәртіп сақщылары митинг кезінде дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдану нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапты болмайды деп көрсетілген.
Бұдан басқа, ережедегі түзетулер бойынша ішкі істер органдарының жаппай тәртіпсіздіктерді болдырмас үшін әскери және арнайы техниканы қолдану құқығы бар екенін ескертеді.
Заңның негізгі ережелері ресми жарияланғаннан кейін бір айдан кейін күшіне енеді.
Айта кетейік, 2020 жылдың 9 тамызында Беларусияда президент сайлауы өтті. Ресми нәтижелерге сәйкес, қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Алайда бұл сайлау нәтижесіне қанағаттатнбаған халық бірнеше ай бойы жаппай наразылық танытты. Тіпті жағдай президент Александр Лукашенко да қолына қару ұстап жүрерліктей ушықты.
Оқи отырыңыз – Лукашенко резиденциясына автомат ұстап келді