Ұлыбритания премьер-министрінен коронавирус табылды

0
155
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. Photo: Reuters

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсоннан коронавирус табылды. Бұл туралы Джонсонның өзі Twitter парақшасында хабарлады.

“Кейінгі 24 сағат ішінде аздап симптомдар байқала бастады. Кейін анализімнен коронавирус табылды. Қазір карантинде боламын және үкіметтегі жұмысымды видеоконференция арқылы жалғастыра беремін” деп жазды ол Twitter-де.

Қазір Ұлыбританияда 11 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 578 адам қайтыс болды. Елде қазір карантин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз