Мьянма президенті отставкаға кетті

0
89

Мьянма президенті У Тхин Чжо отставкаға кетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, екі жыл ел басқарған 71 жастағы саясаткер өз еркімен өкілеттілігін тоқтатуды сұраған. Ендігі кезекте ел парламенті президент лауазымына кандидатты жеті күн ішінде ұсынуы тиіс.

Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары президенттің денсаулығына байланысты отставкаға кететіні жөнінде жазған болатын. Дегенмен ел билігі бұл ақпарды бірнеше рет жоққа шығарған.

Мьянмалық жазушы, саясаткер, ғалым У Тхин Чжо 50 жыл ішінде елдегі алғашқы азаматтық көшбасшы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз