Парламенттік дауыс беру нәтижесінде Мьянманың жаңа президенті болып 66 жастағы У Вин Мьинт сайланды (Демократия үшін Ұлттық Лига партиясынан үміткер және парламенттік төменгі палатасының спикері).
Сәрсенбіде өткен сайлау нәтижесінде У Вин Мьинт 403 дауыс жинады, өзге үміктерлер атап айтқанда, У Мьинт Шве — 211 дауыс, Генри Ван Тхио — 18 дауыс жинады деп хабарлайды Мьянма парламенті телеарнасы.
Мьянма конституциясына сәйкес, президентті парламент сайлады. Мьянманың бұрынғы президенті У Тхин Чжо өткен аптада отставкаға кетті.
Сафина Саид