Өмірден озғанына 10 жылға таяғанына қарамастан Майкл Джексон Forbes журналында ең бақуатты танымалдардың көшін бастап тұр. Forbes жасаған рейтингке сай көзі тірісінде Майкл Джексон 20 ғасырдың ең үздік әндерін орындаушы, рок-н-ролл королі Элвис Преслиден 10 есе көп табыс тапқан.
Журналдың мәліметі бойынша, 2009 жылы дүние салған Майкл Джексонның жылдық табысы 400 миллион АҚШ долларын құраса, Элвис Пресли жылына 40 миллион доллар табыс тапқан.
Майкл Джексонның мұрагерлері кірістің ең көп бөлігін оның әндерін және музыкалық баспа компаниясындағы үлесін сатудан алған.
Ал Элвис Преслидің кірісі оның альбомдарын сатудан (жыл сайын шамамен 1 миллион данасы сатылады), Мемфистегі үй-музейіне адам қабылдаудан, сондай-ақ онда орналасқан ойын-сауық кешендерінен алынған.
Forbes журналындағы ең бай адамдардың қатарын үшінші болып Арнольд Палмер толықтырған. Өткен жылы Molson Coors компаниясы Arnold Palmer атауымен ішімдік сусынын жасап шығарып компания 35 миллион АҚШ долларына дейін қомақты қаражат жинай алды.
Майкл Джексон поп-музыка тарихындағы ең табысты орындаушы. Ол «Грэммидің» 15 сыйақысының иегері. Бүкіл әлем бойынша сатылған жазбаларының саны бүгінде 1 миллиардқа жеткен.
Джексон 2009 жылдың 25 маусымында пропофолды шамадан тыс қабылдаудан көз жұмды. Лос-Анджелес соты Майкл Джексонның жеке дәрігері Конрад Мюррейді абайсызда адам өлтіру фактісі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырған болатын.