«Мигранттар керуені» ыдырай бастады: Мексика арқылы АҚШ-қа ұйымдастырылған түрде көшіп келген Орталық Америка елдерінің тұрғындары бір-бірінен ажырап жатыр, деп хабарлайды Euronews.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше бұл сырттай қысым көрсетілмей қабылданған мигранттардың өз шешімі.
Бұған дейін, Америка Құрама Штаттарының Президенті алаңдаушылық білдіріп, керуенді тоқтату керектігін мәлімдеген болатын.
Көші-қон проблемаларына назар аудартуды міндет тұтатын «Керуен» атауымен пайда болған «Мигрант кресті» акциясы 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді.