Мысыр президенті Әбдел Фатах ас-Сиси 92 пайыз дауыс жинап, қайтадан Мысыр президенті болып сайланды. Жергілікті БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, Сисидің жеңіске жететіні айқын еді, себебі бірқатар жеңіс тұғырынан көрінуі ықтимал кейбір үміткерлер тұтқындалды я болмаса сайлаудан алынып тасталды, немесе өз еріктерімен сайлаудан бас тартты.
Сисидің сайлаудағы жалғыз қарсыласы «Әл-Гэд» партиясының көшбасшысы – Мұса Мұстафа Мұса. Алдын ала мәліметтер бойынша, Мұсаны қолдап халықтың 3 пайызы дауыс берген, өз кезегінде президентікке үміткер болған Мұса Мұстафа бұл қорытындыны «президент Сисидің танымалдылығымен» байланыстырды.
Сайлаудағы халық белсенділігі сайлауға келмегендерге салынатын айыппұл және елдің премьер-министрі Шериф Исмаилдың мысырлықтарды азаматтық борышын өтеуге шақырғанына қарамастан, 40 пайызды құрады. 2014 жылы Сиси сайлауда қолдауға ие болып, 97 пайыз дауыс жинаған еді, биылғы көрсеткіш алдыңғы сайлаудан қарағанда әлдеқайда төмен.