Мысырдағы президент сайлауының нақты нәтижесі бейсенбіде белгілі болады. Дауыс берудің соңғы үшінші күнінде Ұлттық сайлау комиссиясы дауыс беру учаскелерінің жұмысын жергілікті уақыт бойынша бір сағатқа ұзартты.
Аталған шешім сайлаушылардың соңғы уақытта келіп дауыс беруімен және ауа-райының қолайсыздығымен түсіндірілді, деп жазады Euronews. Мысырдың оңтүстігінде болған құмды дауыл салдарынан азаматтардың көбі таңертең сайлауға қатыса алмаған.
Бақ сынап жатқан екі үміткер: елдің бұрынғы президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси және «Әл-Гад» («Ертең») партиясының көшбасшысы Мұса Мұстафа Мұса.
Who do you think will be the next president of Egypt?
— Naveed Bey (@Seditious_medic) March 27, 2018
Заңға сәйкес дауыс беру тізіміне енгізілген, бірақ дауыс беру құқығын негізсіз пайдаланбаған, азаматтық борышын орындамаған сайлаушы шамамен 500 Египет фунтында(шамамен 23 евро) айыппұл төлеуі міндеттеледі .