Моңғолия түрік азаматын ұрламақ болған Түркия арнайы қызметінің алдын кесті

0
200
Mk-Turkey

Моңғол арнайы қызметі Моңғолиядағы жергілікті мектеп директоры Вейсел Акчайды ұрламақ болған Түркия арнайы қызметінің жолын кесті.

Өткен жұма күні белгісіз біреулер 50 жастағы ер адамды ұстап алып, көлікке салған, кейіннен Ұлан-Батырдағы әуежайға бет бұрған. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, сол сәтте Түркия әуе күштерінің ұшағы жерге қонған.

pravdanews.info

Дегенмен, моңғол қарулы күштері бортты құрықтаған. Flightradar24 ұшу-қону жайын бағамдайтын онлайн-қызметі таратқан ақпарға сәйкес, аталған ұшақ Түрік әуе күштеріне тиесілі. Өз кезегінде, В. Акчай емханаға жеткізілген.

Моңғолия Түркияға қарсылық нотасын жіберді

Сол күні Моңғолия СІМ аталған жағдайды елдің егемендігіне қол сұғушылық деп атады. Дегенмен, түрік билігі аталған жайтқа Түркияның қатысы жоқ дегенді алға тартады.

Sözcü түрік басылымы аталған операция Түркия Ұлттық барлау ұйымы (MIT) тарапынан жасалған дегенді алға тартады.

Косово мен Пәкістанда да аталған оқиға қайталанды
Түркия Ұлттық барлау қызметі тарапынан тұтқынға алынған Косоводағы ұстаздар rus.ukraynahaber.com
қарсылық танытқан оқушылар /us.ukraynahaber.com

Мұндай оқиға бірнеше рет қайталанған еді. Осы жылдың наурызында Ұлттық барлау ұйымы Косовода 6 түрік ұстазын ұстады. Косоводағы Gülistan оқу орны ұстаздардың тұтқынға алынғандығын растады. Өз кезегінде, аталған ұстаздардың оқушылары ұстаздарды босатуды талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Косово премьер-министрі Рамуш Харадинай ұстаздарды ұстауға Косово барлау қызметінің де қатысы барын алға тартып, бұл ақпараттан хабарсыз болғандығын және сәйкесінше, тиісті шаралар қолданатынын мәлімдеді.

Ukraynahaber.com таратқан ақпарға сәйкес, Түркияның Ұлттық барлау қызметі шетелдерде адамдарды ұрлау бойынша өз бөлімшелерін құрған. Аталған бөлімшелер қолдарынды нақты айыптаулар мен фактілер болмағандықтан, Гүлен қозғалысы (“Хизмет”) тараптас адамдарды ұрлайды, деп жазады ukraynahaber.com.

Пәкістанда ұрланған түрік ұстазы М. Качмаз отбасымен/ Mk-Turkey

Mk-turkey таратқан ақпарға сәйкес, 2017 жылдың қыркүйегінде Пәкістандағы Лахора қаласында Pak-Turk мектебінің бұрынғы директоры Месут Качмаз және оның отбас мүшелері ұрланды. Качмаздың әріптесі Авжының сөзінше, полиция формасындағы 15 адам түрік ұстазы және оның отбасын тұтқынға алған, қарсылық танытқан соң Авжыны да көлікке салып алған. Куәгердің айтуынша, полицияның қолында есімдер жазылған тізім болған, тізімнен өз есімі табылмағаннан кейін Авжыны босатқан.

Mk-turkey ақпарына сәйкес, Түркия басшысы Р. Ердоғанның Пәкістанға ресми сапары қарсаңында ел билігі Анкара тарабының қысымы салдарынан елдегі түрік ұстаздарын (шамамен 500 адам) отбасыларымен қоса бір жұма ішінде елден кетуді талап еткен.

Түркия саяси режимі ел азаматтарының өміріне балта шабуда

Анкара тарапынан көрсетілген қысым салдарынан бірқатар елдердегі түрік ұстаздары аталған мемлекеттерден саяси баспана сұрауға мәжбүр. Түркияның өзінде саяси режимнен бас сауғаламақ болған түрік ұстаздары отбасыларымен бірге суға кетіп, көз жұмды.

Мәселен, өткен жылдың қарашасында саяси режимнен бас сауғаламақ болған бес адамдық түрік отбасы Эгей теңізінде суға батып кетті. Грекия жағалауында табылған денелердің Ердоған билігі тарапынан Гүлен қозғалысы мүшелеріне бағытталған қудалаудан бас сауғалау үшін теңіз жолымен елден шығуға мәжбүр болған Хүсейін Маденнің балалары Надир Маден, Бахар Маден мен Феридун Маденге тиесілі болу мүмкін деп жазған еді Turkish Minute.

Ал осы жылдың ақпанында қудалаудан қашқан тағы бір түрік отбасының тағдыры Эгей теңізінде үзілді. Aktifhaber таратқан ақпарға сәйкес, екі отбасы мен оларға ерген бір ер азамат – 8 кісі мінген резеңке қайық Эврос өзенінде төнкеріліп кетті. Бір отбасыдан анасы мен екі баласының жансыз денелері табылды, ал қайықтағы қалған кісілер із-түссіз ғайып болды. Судан мәйіті шығарылған балалардың әкесі Угур Абдуррезак қаңтар айында ешқандай құқықтық негізсіз 11 ай абақтыда отырып шыққан болатын. Ал Угур және оның отбасы мүшелерінің қауіпке толы сапарға шығуына 2016-ның 15 шілдесінде болған төңкеріс қозғалысы түрткі болған еді.

Ердоған шетелде қарсылыққа жиі ұшырайды

Елдегі азаматтардың осындай қуғынға ұшырауы түрткі болса керек, ел президенті Р. Ердоғанның бірқатар шетелдерге жасаған мемлекеттік сапары барысында қақтығыстар жиі орын алатын болды.

Mk-Turkey

Мәселен, күні кеше ғана Оңтүстік Африкада өткен БРИКС саммитінде Преторидағы Түркия елшілігі қауіпсіздік қызметі мен Оңтүстік Африкадағы Түрік Ынтымақтастық желісінің мүшелері (TSN) арасында қақтығыс болды. Қарсылық танытушылар Түркия президенті Р. Ердоған жетекшілігіндегі ел билігі Түркияда адам құқығын өрескел бұзуда деген ұстанымы желеу болған, деп жазады Mk-Turkey.

TSN уақытша басқарушысы М. Мняндудың сөзінше, наразылыққа шыққандар бейбіт түрде, еш қарсылық танытпаған, бірақ кенеттен елшіліктен шыққан Түркия қорғаныс қызметінің өкілдері оларға тап берген.

EPA/UFG

Бұған дейін Түркия президенті Р. Ердоған осы жылдың ақпанында Римге жасаған мемлекеттік сапары барысында қақтығысқа ұшыраған еді. Қасиетті Періште құлпытасының маңында 150 адамнан құралған бір топ наразылық білдіруші Түркия президентінің саясатына, атап айтқанда, Анкараның Африндағы әскери операциясына қарсылық білдірді. Ереуілдеушілер бір ауыздан «Ұят, ұят!» және «Ердоған – қанішер» деп ұрандаған. Наразылық шарасына Италияда тұратын күрд диаспорасы мен италян жастары қатысқан, деп жазады РИА Новости.

24smi.org

Ердоғанның осы жылдың мамыр айында АҚШ-қа жасаған сапары барысында Түркияның Вашингтондағы резиденциясының жанында Ердоғанның оққағарлары мен наразылық акциясына шыққандар арасында қақтығыс болды. Оқиға болған жердегі бейнежазбаларға сәйкес, түрік басшысы өз оққағарларының наразылыққа шыққандарды соққыға жыққанын бақылап тұрған. Осы себепті АҚШ Мемлекеттік департаменті Анкараға наразылық танытты. Дегенмен, Анкара тарабы айыптауды жоққа шығарды. БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, кейіннен АҚШ наразылық акциясына шыққандармен қырқысқан Түркия басшысының екі оққағарын тұтқындауға ордер берді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз