Солтүстік Атлантикалық Альянс Катардың НАТО-ның толыққанды мүшесі болуға өтінішін қабылдамады. Бұл туралы korrespondent Gulf News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Альянс НАТО-ға АҚШ пен Канаданы қосқанда тек Еуропа елдері ғана мүше бола алатындығын ескертті.
Агенттіктің мәлімдемесінде Катардың НАТО-ға мүше болу туралы ниетіне Солтүстік Атлантикалық Альянс «Вашингтон Шартының 10-бабына сәйкес АҚШ пен Канаданы қосқанда тек еуропалық елдер мүше бола алады», – деп жауап берді деп хабарланады.