27 сәуірден бастап Нидерландының Мәскеудегі консулдығы Ресей азаматтарына қысқа мерзімді визаларды бермейтінін мәлімдеді. Оның ішінде туристік визалар да бар.
Бұл жағдайға консулдық қызметкерлері санының қысқаруы түрткі болған. 19 сәуір күні Ресей сыртқы істер министрлігі Нидерландының 15 дипломатын қайтаратынын мәлімдеген. Бұл Амстердамның наурыз айындағы қадамына жауап еді. Ол кезде Нидерланд Ресейдің 17 дипломатын нон-грата тұлғасы деп жариялаған.
Нидерланд консулдығының мәліметінше, енді Ресей азаматтары тек гуманитарлық виза мен ықтияр хатқа ғана құжат тапсыра алады.
Нидерланд Шенген аймағына кіреді. Яғни ол елге барғысы келетіндер Шенген аймағына кіретін өзге мемлекеттердің визасын алып, содан кейін Нидерландыға бара алады. Бірақ дәл осындай тыйымды Украинадағы соғыс басталғалы Эстония, Латвия, Литва және Чехия елдері де қабылдаған.
Ресей Украинаға басып кірген 24 ақпаннан бері Еуропа Ресейдің 400-ден дипломатын еліне қайтарған. Ресей мұндай қадамдарға қарымта шарамен жауап беріп жатыр.