Кеше, 9 қаңтарда Нью-Йорк полиция департаменті Бруклинде иудаизмді насихаттайтын Чабад-Лубавич қозғалысының штаб-пәтері астында заңсыз салынған түнелді анықтады. Бұл туралы жергілікті «Crown Heights Info» сайты хабарлады.
Оның айтуынша, Нью-Йорк полиция департаменті Чабад-Лубавич дүниежүзілік штаб-пәтері астында заңсыз салынған туннельді анықтаған. Оқиғадан кейін Нью-Йорктегі тарихи синагогада басталған қақтығыстарда 10-нан астам хасидтік еврей тұтқындалды. Негізінен еврейлер тұратын Crown Heights төңірегінде 770 East Park Road-да орналасқандықтан жергілікті «The 770» деген атпен белгілі бұл ғимарат әлемдегі ең ірі еврей ұйымдарының бірі болып табылатын Чабад қозғалысының штаб-пәтері болып табылады.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда синагога мүшелері туннельден шығып, полицияға қарсылық көрсеткеннен кейін туындаған жанжал көрсетілген.
Ол жерден матрацтар да табылды деген ақпарат бар. Полиция заңсыз және жасырын туннельге қатысты тергеуді бастады.Чабад-Лубавич штаб-пәтерінің өкілі Мотти Селигсонның айтуынша, экстремистік топ студенттер синагогаға рұқсатсыз кіру үшін бұған дейін көршілес ғимараттардағы бірнеше қабырғаларды бұзған.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль 2023 жылдың желтоқсан айында Газа орталығында ХАМАС жетекшілерінің туннельдерін тапқан болатын.