13 қазан кешкі уақытта Норвегияның Конгсберг қаласында белгісіз біреу садақпен 5 адамды атып өлтіріп, 2 адамды жаралады. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.
Күдікті ұсталған. Ол қаланың әр жерінде жүріп жалғыз әрекет еткен. Оқиғаға байланысты Конгсберг қаласының батыс бөлігі эвакуацияланған. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер оқиға орнынан қашуға тырысқан. Алайда полиция оған оқ атып ақыр соңы қолға түсірген. Құқық қорғау органдары оқиғаның себебі және қылмескер туралы ақпарат таратпады.
Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг баспасөз мәслихатында қазір полиция Конгсбергтегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.