Құны 1,3 миллион тұратын әлемдегі ең қымбат иіссу таныстырылды

0
132
фото: www.thespiritofdubai.com

Иіссудың шишасы мурано шынысынан (немесе венециалдық шыны – Венецияға жақын орналасқан Мурано аралында пайда болған шыны жасаудың ежелгі тәсілі)жасалған, шишаға үш литр иіссу сыяды, 1,97 метр биіктікте орналасқан, 3 571 гауһартаспен әспеттеліп, 2,5 келі алтын жалатылған, сондай-ақ, күміс, маржан және асыл таспен әшекейленген.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Shumukh деп аталатын иіссудың ауқымды шишасы тұтынушылар назарына ұсынылды. Парфюмерлі әрі зергерлік шеберлікпен жасалған иіссудың құны 4,7 миллион дирхамды (1,3 миллион доллар) құрайды. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі иіссу үйінің ақпарына сәйкес Shumukh жұпары араб тілінен аударғанда «ең биікке лайық» деген мағынаны білдіреді. Nabeel бренді шығарған. Иіссудың шишасы мурано шынысынан (немесе венециалдық шыны – Венецияға жақын орналасқан Мурано аралында пайда болған шыны жасаудың ежелгі тәсілі) жасалған, шишаға үш литр иіссу сыяды, 1,97 метр биіктікте орналасқан, 3 571 гауһартаспен әспеттеліп, 2,5 келі алтын жалатылған, сондай-ақ, күміс, маржан және асыл таспен әшекейленген. Nabeel бренднің ресми сайтында «Shumukh дизайнның негізгі элементтері Араб Әмірліктерінің тарихын зергерлік және жұпар иіссу өнері арқылы біріктірілген қайталанбас шедевр негізінде баяндайды»,- деп жазады. Иіссудың шишасы араб тұлпарлары мен сұңқары, раушан гүлімен әспеттелген, ал sofa (диван) болса, арабтардың қонақжайлығын білдіреді. Ерлерге де, әйелдерге де арналып жасалған жұпар иіссу үш жыл қатарынан ойластырылған.

фото: www.thespiritofdubai.com

Авторы Nabeel Perfumes компаниясы тобының бас парфюмері – Асғар Адам Әли. Сондай-ақ Швейцария, Италия және Франциядан да танымал шеберлер ат салысқан. Жұпар иіссуды шығару үшін әлемнің әр түкпірнен жеткізілген табиғи қоспалар ғана қолданылған: сандал (жұпар иісі бар жаһанның оңтүстік бөлігінде өсетін ағаш), мускус (бірқатар жануардың ұрық безінен алынатын хош иісті зат), үнді агары, түрік раушаны, пачули (Погостемон тектес бұталы тропикалық өсімдік), илан-иланг (Анондық топқа кіретін екілік гүлденетін монотипті өсімдік), ладан (иісі бар ағаш смола). Иіссу теріде 12 сағат тұрады.

Shumukh-ты 30 наурызға дейін Dubai Mall-дан тамашалауға болады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз