Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Одан кейін мемлекеттер басшыларының бірлескен суретке түсу рәсімі өтті.
«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.