Өзбекстан әскери әлеуеті бойынша Қазақстанды озып кетті

0
359
akorda.kz

Қазақстан әскери қуаттылық жағынан әлі де Өзбекстанды оза алар емес.

2017 жылдың «Жаһандық әскери қуаттылық рейтингісі» (Global Firepower Military Ranks) жарияланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әскери әлеуеті жағынан 133 елдің арасынан 55-ші болды. Рейтінгіде елдің әскери қуаттылығы 0,88 балға бағаланды.

Бір айта кетерлігі, 2016 жылғы рейтингіде Қазақстан 126 мемлекеттің арасынан 66-шы орында болған еді. Байқағандарыңыздай, бір жылдың төңірегінде әскери қуаттылық бойынша айтарлықтай алға жылжу болған.

Қазақстанның армия құрамының саны – 106,5 мың адам деп көрсетілген. 74,5 мың адам әскерде қызмет етеді, ал запастағы офицерлердің саны 32 мыңға жуық. Армияның иелігінде 300 танк, 1,6 мың БТР және БМП, 285 өзі жүретін қондырғы, 239 ұшақ, оның ішінде – 91 тосқауылшы-истребитель бар.

Әскери әлеуеті бойынша алғашқы үш орынға, тиісінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Алғашқы ондықта Мысыр, Германия, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Франция және Үндістан бар.

Рейтінгіде посткеңестік елдерден Украина – 30, Өзбекстан – 48, Беларусь – 49, Әзірбайжан 58-ші орынға жайғасса, Түркіменстан – 86, Армения – 93, Қырғызстан – 108 және Тәжікстан 112-ші орынды қанағат тұтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз