Пәкістанда пойыздар соқтығыcып, 36 адам қаза тапты

0
91
Photo: Twitter/dawn.com

7 маусым күні Пәкістанда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 36 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

Оқиға Синд провинциясындағы Дахарки қаласы маңында болған. Биліктің мәліметінше, рельстен шығып кеткен пойыздардың біріне жолаушысы көп екінші пойыз соқтығысқан.

Қанша адамның вагон астында қалғаны белгісіз. Құтқарушылар оларды табу үшін арнайы техника сұраған.

“Апат болған маң алыста болғандықтан құтқару операциясы күрделенді” деді теміржол компаниясының өкілі. Кемінде алты вагон толық қираған.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан оқиғаны естіп түршіккенін айтып, жол апатының себебін толық зерттеуге уәде берді.

Пәкістанда кейінгі жылдары осыған ұқсас бірқатар теміржол апаты болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2013-2019 жылдар аралығында мұндай апаттардан 150 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз