Палестина БҰҰ Бас Ассамблеясының Иерусалим мәртебесі бойынша арнайы сессия өткізуін ресми сұрады, кездесу осы аптада өтеді.
БҰҰ жанындағы Палестинаның тұрақты өкілі Рияд Мансұр және араб елдері өкілдері АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімнің күшін жоюға бағытталған қарар қабылдауды бұғаттағаннан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.
БҰҰ Бас Ассамблеясына қарар жобасы жіберіледі, Р. Мансұрдың сөзінше «қарар бұғатталған Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жобасындай болады».
Атап өтерлігі, дүйсенбі күні АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иерусалимнің мәртебесінің өзгеруін мақұлдамайтын және аталған шешімді жоюға шақырған қарарын бұғаттады. Құжатты қолдап, 14 дауыс берілді. АҚШ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты өкілі ретінде вето құқығын қолданды.
Бас Ассамблея төрағасы өз кезегінде, араб елдерінің сұранысы қанағаттандырылатынын мәлімдеді. Лайчак, кездесуді қалай тез өткізуге болатыны шешілетін алға тартты. Кездесуді шақыру туралы Бас Ассамблеяға мүше барлық мемлекеттер құлақтандырылатынын хабардар етті. Р. Мансұрдың сөзінше, кездесу сәрсенбі кешке немесе бейсенбі таңертең өткізіледі.
Сабина Сайлаубай