Парагвайда басқарушы партияның өкілі Марио Абдо Бенитес президенттікке сайланды. Бұл туралы Жоғарғы сайлау сотының төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Марио Абдо бүгінге дейін «Колорадо» пратиясының төрағасы, 2015-2016 жылдары Сенаттың басшысы қызметін атқарған.
Парагвай Республикасының Жоғарғы сайлау соты «46.6 % дауыспен Республика президентіне Марио Абдо Бенитес мырза сайланды», деп мәлімдеді.
Жаңа басшы 2018 жылдың тамыз айынан бастап қызметін бастайды.
Абдо – Парагвайдың соңғы диктаторы, 1954-1989 жылдары елге билік жүргізген хатшы Альфредо Стесснердің ұлы.