Үкімет басшысының қызметін уақытша атқарушы Никол Пашинян 14 қаңтарда қайтадан Армения премьер-министрі болды. Аталған шешімді Армения басшысы Армен Саркисян қабылдады. Бұл туралы rt.com хабарлайды.
“Конституцияның 149 бабы 1 тармағына сәйкес, Республика президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды премьер-министр қылып тағайындау туралы жарлыққа қол қойды”, – деп хабарланады.
Бұған дейін Пашинянның “Менің қадамым” блогы жаңадан шақырылған парламентте 132 мандаттан 88 иеленген еді.
Никол Воваевич Пашинян – армян саясаткері. 2018 жылдың 8 мамырынан 16 қазанына дейін Армения премьер-министрі, 2018 жылдың 16 қазанынан Арменияның уақытша премьері болды.
Армениядағы барқыт төңкерісінің жетекшісі. Армения Ұлттық жиналысының депутаты. Ұлттық жиналыстағы “Елк” фракциясының жетекшісі.
Safina Said