Францияда тыңшылық дауы

0
90

Францияда тыңшылық жанжал туындады. Францияның сыртқы барлау қызметінің бұрынғы екі қызметкері, сондай-ақ олардың бірінің жұбайы Қытайға тыңшылық жасағаны үшін айыпталуда. Бұл туралы Euronews хабарлайды. 

Қытайға тыңшылық жасады деп айыпталып отырған қос агент бірнеше ай бұрын күдікке ілініп қамауға алынған. Дегенмен, нақты мәліметке Франция үкіметі қазір ғана қол жеткізген.

Le Monde газетінің хабарлауынша, олар франсуздық барлау қызметінің жұмыс істеу әдістері туралы Қытайдың билік органдарына ақпарат беріп отырғаны үшін айыпталуда.

Айыпталушылар Францияның Сыртқы қауіпсіздік Бас басқармасының жоғары лауазымды қызметкерлері болған. Тыңшылық жасау барысында олар өте құпия ақпаратқа қол жеткізген.

Қытай билігі әзірге аталған жағдайға ешқандай пікір білдірмеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз