Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Петербургте болған жарылысты лаңкестік әрекет деп атады.
Путин ФҚК-нің басшысына қылмыскерлер қолға түссе, заң бойынша қызмет етуді тапсырды, бірақ құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне қауіп төнсе, тұтқынға ешкімді алмауды, лаңкестердің орнында көздерін жоюды міндеттеді, деп хабарлайды ТАСС.
Сирия операциясына қатысушы әскерилермен кездесу барысында РФ президенті Путин кеше Санкт-Петербургте лаңкестік әрекет жасалғанын, бұған дейін ФҚК тағы бір лаңкестік әрекетті анықтағанын мәлімдеді.
Соңғы ақпараттарға сәйкес, Петербургтың Кондратьевский даңғылында орналасқан супермаркетте болған жарылыстан 13 адам зардап шеккен, олардың 8 ауруханада жатыр.
Сабина Сайлаубай