Путин Сириядан әскерлерді шығару туралы хабарлады

0
53
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин соңғы бірнеше күнде Сирия аумағынан 13 ұшақ, 14 тікұшақ және жеке құрамның 1140 адамы шығарылғандығын мәлімдеді.

Сирия аумағынан шығарылған адамдарға қатысты пікір білдірген Ресей басшысы аталған адамдардың барлығы «тәжірибеге ие» және «соғыс қимылдарынан өткен», – деп атап өтті. Кремльде әскери ЖОО студенттерімен кездесу барысында Путин «Сендер және сендердің қызметтестерің аталған тәжірибені Ресей Федерациясының аумағында ең күрделі стандартты емес тапсырмаларды әзірлеу үшін қызметкерлердің жауынгерлік дайындығы үшін толық көлемде пайдалануға міндетті », – деді.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Путин терроризм мен экстремизмге, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жауапты және принципті жұмыс істеу қажеттігін алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз