Путин Трампқа лаңкестер туралы ақпарат үшін алғыс білдірді

0
30
Кремль

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында Путин АҚШ басшысына Орталық барлау басқармасынан алынған ақпарат үшін алғыс білдірді, ақпараттың арқасында Санкт-Петерборда жарылыс жасамақ болған лаңкестерді анықтау мүмкін болды, деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

РФ президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы АҚШ президентіне Орталық барлау басқармасы басшысына және америкалық барлау қызметінің жедел қызметкерлеріне алғысын жеткізуді өтінді.

Владимир Путин Дональд Трампқа АҚШ және АҚШ азаматтарына қатысты террорлық қатерлер туралы ақпараттанса, ресейлік арнайы қызметтер ақпаратты америкалық әріптестеріне серіктес арналар арқылы жіберетінін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Федералдық қауіпсіздік қызметі  Санкт-Петерборда 16 желтоқсан жарылыс жасамақ болған “Ислам мемлекеті*” ұйымының тараптастарын ауыздықтағаны хабарланған еді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз