Пхеньян мен Сеул арасында уақыт айырмасы болмайды

0
147

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Пхеньян мен Сеул уақытын теңестіруді тапсырды. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарайды.

Қос Корея уақытын теңестіру туралы шешім КХДР Жоғары халықтық жиналысының президиумында қабылданды.

2015 жылдан бастап КХДР басшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен жарым сағатқа артқа шегерілген Пхеньян уақыты 5 мамырдан бастап 30 минутқа қайта алға жылжитын болады.

Бұл Сеул мен Пхеньянның өзара ынмытақтастық туралы шешімінен кейінгі ең алғашқы жасалған қадам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз