Ресей әскері Донбасқа шабуылдай бастады

0
200
Photo by GENYA SAVILOV / AFP

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскери күштерінің Донбаста шабуыл бастағанын хабарлады.

“Ресей әскері бірталай уақыт дайындалған соң Донбасқа шабуылын бастады. Ресей күштерінің едәуір бөлігі сонда шоғырланды. Қанша әскер жиналса да, біз қорғанамыз. Күресеміз” деді Зеленский Telegram-ында.

Ресей қарулы күштерінің Украинаның шығысында шабуылға шыққаны жайлы Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов те хабарлаған. Украин билігінің ақпаратынша, Ресей әскері Донецк пен Луганск облыстарын православтардың пасха мейрамына дейін басып алуды жоспарлап отыр. Биыл пасха 24 сәуірде тойланады.

Украина президенті әкімшілігінің жетекшісі Андрей Ермак “соғыстың екінші кезеңі” басталғанын” хабарлады.

Жергілікті тұрғындар мен журналистер Донбаста, Харьков пен Николаев қалаларында атыс болып жатқанын айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз