Ресейдің қорғаныс министрлігі “Москва” ракеталық крейсері порттағы тұрағына келген сәтте батып кеткенін хабарлады. Министрлік кеме теңіздегі дауылдан тепе-теңдік сақтай алмады деп отыр.
Ресей теңіз әскерінің флагманы саналатын “Москва” кемесі кеше, 13 сәуірде өртенген еді. Ресей тарабы ракеталық крейсерде алдымен өрт шығып, қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданғанын айтқан. Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлаған, бірақ өрттің неден шыққанын айтпаған еді. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.
Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы “Нептун” ракетасынан “Москва” крейсеріне шабуыл жасалғанын, кеме қатты зақымданғанын айтқан.
“Москва” крейсері 1976 жылы пайдалануға берілген, Ресей әскерінің Қара теңіздегі ең негізгі кемесі еді. Украина басылымдарының хабарлауынша, “Москва” крейсері Одесса облысы Змеиный аралына шабуылға қатысқан.