3 ақпан күні Рим Папасы Франциск алғаш рет тарихи іс-сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл туралы БАӘ ресми ақпараттық агенттігі хабарлады.
Рим Папасы Франциск Абу-Дабиде орналасқан президенттік сарайда мұрагер ханзада Мохаммед бен Зайд әл-Нахайянмен кездесті. Сапардың мақсаты – дінаралық диалог бойынша конференцияға қатысу. Бұл шарада дін мәселелері, радикализмнің алдын алу және экстремистік көзқарастармен күрес мәселелері талқыланады.
Конференция 3 күн бойы жалғасады. Рим Папасы елдегі 900 мың адамнан тұратын католиктер қауымдастығымен кездесуді жоспарлаған. Олар Біріккен Араб Әмірліктерінің 10 пайызын құрайды.