Сауд Арабиясы жаңа мегаполистің жобасын таныстырды

0
93
дереккөзден

Әлемдегі ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы Сауд Арабиясы күн және жел қуатымен толық қамтамасыз етілетін әрі Азия мен Африка елдеріне арналған технологиялық хабқа айналатын шөлдегі Неом (Neom) мегаполисінің құрылыс жоспарын таныстырды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Болашақтың инвестициялық бастамасы» тұңғыш конференциясы барысында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз әл Сауд ұйымдастырушылардың идеясына сәйкес  «Таяу Шығыс Давосына» айналуы тиіс жоспармен таныстырды.

Жаңа мегаполис 2500 шаршы шақырым аумақта Қызыл теңіз жағалауында және Акаба шығанағында, Мысырдың Шарм-эш-Шейх курортының маңында орналасады.

Жаңа конгломераттың жағалау аумағының ұзындығы шамамен 500 шақырымды құрайды, оның үштен екісін құмды жағажайлар алады.

«Сауд Арабиясында ұлы дүние жасауға басшылықтың саяси ерік-жігері мен халықтың қалауы бар. Бұл бастаманың табыстылығы үшін барлық факторлар бар», – деп мәлімдеді Корольдіктегі «Көрініс-2030» экономикалық реформалардың өршіл бағдарламасының авторы, 32 жастағы мұрагер ханзада .

Корольдіктің мұнайдан түсетін кірісті қалай басқаратанын білу үшін Эр-Риядта қатарынан үш күн әлем инвесторлары жиналды, сол себепті реформа бағдарламасы әлемнің барлық инвесторларының қызығушылығын оятты.

Арманшылдар мекені

 Шөл даладағы қала құрылысына қосымша, жоспар әлемдегі ең ірі Saudi Aramco мұнай компаниясындағы үлесті жекешелендіруді, экономиканың мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендетуге, сондай-ақ бүкіл әлемдегі энергетика, инфрақұрылым және технологиялар саласындағы жобаларға инвестиция салуды көздейді.

Жобаның авторлары мегаполистің дамуына оның Азия мен Африка аумағында бірегей орналасуы сондай-ақ әлемнің негізгі сауда артерияларының бірі Суэц каналына жақындығы көмек болатынын айтады.

«Бұл кәдімгі кәспкерлер үшін емес, бұл арманшыл жандарға арналған орын. Армандай алмайтындар бізбен әріптестікке келмеуі керек. Біз тек арманшылдарды күтеміз», деп мәлімдейді мұрагер ханзада.

Neom ханзаданың айтуынша «адам баласының болашағын анықтайтын» секторларға баса назар аударады: биотехнология, тамақ өндірісі, энергетика, сандық экономика, ойын-сауық индустриясы.

Neom жобасын Alcoa алюминий гигантының бұрынғы басшысы Клаус Кляйнфельд басқарады. PIF-тың технологиялық жобалардағы серіктесі жапондық Softbank шөлдегі мегаполис құрылысына қолдау көрсетеді.

«Біз Корольдіктің үлкен мұнай қорына ие екенін білеміз. Дегенмен, Корольдіктің тағы бір мұнайы бар, ол – күн. Сонымен қатар бұл аймақта жиі жел соғып тұрады. Мұнда жаңартылатын энергия көздері арқылы жұмыс жасайтын дүние құрамыз », – дейді К. Кляйнфельд.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз