Шетелде адам қағып, қашып кеткен қазақстандық кешірім сұрады

0
77

Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қағып кеткен қазақстандық кешірім сұрады. Бұл туралы M.yna.co.kr. кореялық ақпарат көзіне сілтемемен Zakon.kz хабарлады.

Ол Инчxон әуежайына түскен бойда “бала үшін кешіріңіздер” деген.

Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық азаматтың кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан із суытқанын хабарланған болатын.

Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған. Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған. Жасөспірімге күрделі ота жасалған.

Осы оқиғадан соң Оңтүстік Корея шетелдіктердің елден шығу тәртібін күшейтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз