Шыңғыс ханның сіз біле бермейтін 9 құпиясы

0
1,968

8 қараша күні Моңғолия Шыңғысханның туған күнін тойлады. Ұлы билеуші жайында сіз біле бермейтін 9 құпияны назарларыңызға ұсынамыз.

1. Шыңғысхан оның шын аты емес

Болашақ ұлы қолбасшы дүниеге келгенде атын “Тэмуджин” деп қойған.  Оның мағынасы “темір ұстасы” немесе “темір” дегенді білдіреді.

Ұлы билеуші үшін бұл атының лайық еместігі белгілі болатын. Осыған сәйкес 1206 жылы ол өзін Шыңғысхан деп жариялады.  “Хан” – әмірші деген мағынаны білдірсе, “шыңғыс” сөзінің мағынасы жөнінде ғалымдар арасында әлі тартыс бар. Алайда, ең тұспалды анықтамасы қытайдың “чжэн” сөзі “әділ” деген мағынаны білдіреді.

2. Өмірге келгенде қолында ұйыған қан болған

Шыңғысхан туғанда болашақта ұлы әмірші болатындығын білдіретін белгі қолында ұйығын қан болғандығы жөнінде аңыз бар. Тэмуджиннің туған жылы сол күйі нақтыланбады. Дереккөздер әр жылды көрсетеді: 1162, 1155 немесе 1167.

3. Бала кезінде өз бауырын өлтірген

Күйеуінің өлімінен соң Шыңғысханның анасы тайпадан қуылады. Жалғыз басты анаға жеті баланы асырау оңайға соққан жоқ. Шыңғысхан бауыры Бектерді тамағын бөліспегендігі үшін өлтірген болатын.

4. Шындығында Шыңғысханның түр-әлпеті қандай болғандығын ешкім білмейді

Шыңғысханның бейнесі әркелкі сипатталады. Кей дереккөздерде оның беті еуропалық, көзі жасыл, шашы сарғыш, бойы ұзын болғандығы айтылады.  Ал кейбір мәліметтерде оның қарапайым азиат екендігі көрсетілген.

5. Шыңғысхан сұлулық байқауларын өткізген

Жаңа жерді жаулап алғанда жау тараптағы еркек кіндікті тегіс қырып, әйелдерді жауынгерлеріне үлестіріп берген. Оларға бермес бұрын өзіне ең сұлуын алу мақсатында сұлулық байқауын өткізген.

6. Шыңғысхан ирандықтарға геноцид жасаған

Заманында ұлы держава болған Хорезм империясының 4/3 бөлігін Шыңғысхан әскерімен қырып салады! Бұл оқиғадан 700 жыл өткенде ғана ирандықтар қалпына келе бастады.

7. Үлкен ұлын мойындамаған

Болашақ жары Бөртені кездестіргенде Шыңғысханның жасы тоғызда болатын. Қалыңдықты әкесі таңдады. Шыңғысхан екі тайпаның басын қосып 16 жасында өзінен екі жас үлкен Бөртеге үйленді. Меркіт тайпасы Шыңғысханнан кек алу үшін болашақ ұлы әміршінің әйелін ұрлайды. Көп уақыт өтпей Шыңғысхан қалың қолмен жау әскерін талқандап Бөртені қайтарып алады. Ұзамай, Бөрте Шыңғысхан мойындамаған тұңғыш ұлы Жошыны өмірге әкеледі.

8. Шыңғысхан Моңғолияға ұйғыр жазуын әкелген

Шыңғысхан наймандарды жаулап алу барысында жазба ісімен танысады. Найманның білімділерінің барлығы Шыңғысханның жағына өтіп, моңғол мемлекетінің ең алғашқы шенеуніктері мен мұғалімдері атанады. Моңғолияда әлі күнге дейін ұйғыр әліпбиі қолданылады.

9. Жерлеу мен өлімінің құпиясы

Шыңғысхан 1227 жылы 65 жасында қайтыс болған. Оның өлімінің себебі жайында әлем ғалымдары әлі тартысып келеді. Бір тарап Шыңғысханды өзі басып алған қытайлық ханша өлтірді десе, кей тарап оқ тиіп аттан құлағандығын айтады. Ұлы қолбасшының қайда жерленгендігі де сол күйі белгісіз. Деректерге сәйкес, оның мазары Ыстықкөлдің түбінде көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз