Шығыс Ғұтада үш аптада мыңнан аса адам жер құшты

0
92
дереккөзден/Шығыс Ғұта

Сирия үкіметі әскерінің бүлікшілердің бақылауындағы Шығыс Ғұтаға басып кіргенінен бері үш апта ішінде аймақта мыңнан аса адам жер құшқан, оның ішінде шамамен 215-і бала. Бұл туралы өткен сенбіде адам құқықтарын қорғау бойынша сириялық бақылау Кеңесі (SOHR) хабарлады.

«Ақ дулыға» гуманитарлық ұйымы таратқан ақпарға сәйкес, Сирияда алғаш рет ерікті әйел қаза тапқан. Бұл Идлибтегі әуе шабуылы салдарынан болған, деп жазады Dw.com.

Атап өтерлігі, 2013 жылдан бастап Шығыс Ғұтаның 400 бейбіт тұрғыны азық-түлік, ауыз су, жарық пен медициналық көмекке қол жетімсіз халде. 2018 жылдың ортасында Сирия президенті Башар Асад әскері бүлікшілер аймағын бомбалай бастады. 9 наурызда Шығыс Ғұтаға кезекті гуманитарлық көмек жеткізілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз