SpaceX компаниясы Израиль, Индонезия және АҚШ құралдарымен жабдықталған Falcon 9 зымыранын ұшырды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.
Бұл – америкалық компанияның биыл алғаш рет ғарышқа шығуы. Флоридадағы Канаверал ғарыш айлағынан көтерілген кеменің серігі Индоенезияда, “Берешит” ай зонды Израильде және барлау аппараты АҚШ-та жасалған. Зымыранды ұшыру сәті SpaceX сайтында тікелей эфирде көрсетілді.