4 қаңтар күні таңертең Стамбулдан Алматыға бет алған Turkish Airlines (THY) жүк ұшағы әуеде бір топ құспен соқтығысып, қайта қонуға мәжбүр болды.
“Ұшақ Стамбулдағы Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 8:40-та (GMT 05:40) көкке көтерілді. Ұшу кезінде B777-F жүк ұшағы бір топ құспен соқтығысып, әуе кемесінің планерін зақымдады”, – делінген Turkish Airlines компаниясының баспасөз хабарламасында.
Шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ Мәрмәр теңізінің үстінде жанармайының біршама бөлігін төгіп салмағын жеңілдеткен соң, Ататүрік әуежайына қайта қонған.