Түрік лирасы құнсызданғанан кейін қазақстандықтар үшін Түркиядағы демалыс арзандады. Бұл туралы Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байганов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
“Түркияда демалу айтарлықтай арзандады. Бұл Түркия үшін қуанарлық жәйт емес. Алайда Түркияға демалуға келетін туристердің саны өсетіні белгілі. Әсіресе Германия мен Ресейден ағылған азаматтардың санында есеп жоқ. Соңғы уақытта Ресей мен Қазақстанның ұлттық валюталары әлсіреді. Бұл Еуропаға саяхаттау қымбаттады деген сөз. Ал теңге мен рубльге қарағанда айтарлықтай құнын жоғалтқан лира туристерді жарылқап тұр”, – деді ол.