Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар бар

0
267
Жер сілкінісінен қираған үй. Түркия, 24 қаңтар 2020 жыл. Photo: CNN

24 қаңтар күні Түркия шығысындағы Элязыг провинциясында қатты жер сілкініп, кемінде 21 адам қаза болды, мыңдаған адам жарақаттанды. Тұрғын үйлер мен ғимараттар қираған. Бұл туралы  жергілікті билік хабарлады.

Түркияның төтенше жағдай жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентр ошағы Сивридж қаласындағы ауданда орналасқан.

Жер қатты сілкінгеннен кейін афтершок болған. Агенттік дерегінше, Элязыг провинциясында 13 адам көз жұмған, көрші Малатья провинциясында бес адам қаза тапқан. Екі провинцияның әкімшілігі 225 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ауданға құтқарушылар тобын жібергенін айтады. Қираған үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Сойлу 533 адамның жарақаттанғанын айтқан.

Сойлудың айтуынша, сейсмикалық аймақта орналасқан Түркия алдыңғы апаттардан сабақ алып, бұл жолы жедел реакция білдірген. Министрдің айтуынша, іздеу жұмыстарында дроньдар да қолданалып жатыр.

1999 жылы Түркияның батысындағы Измит қаласында күшті жер сілкінісі болып, 17 мыңнан астам адам қаза болған, шамамен 500 мың адам баспанасыз қалған.

Сирия мен Иранның мемлекеттік арналары да жер сілкінісін сезгенін хабарлады. Ливанның ақпарат құралдары жер сілкінісінің “әсері” Бейрут пен Триполиде де байқалғанын жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз