Тәжікстан мен Қытай шекарасында 7 балдық жер сілкінісі болды

0
155
фото: zakon.kz

Тәжікстанның Қытаймен шекаралас аумағында жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды kazaknews.kz

Жер сілкінісі 23 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 06:37-де тіркелген. Сейсмологтардың мәліметінше, магнитудасы 7,0-тең, тереңдігі 20 км болған. Алматыда жер асты дүмпулері шкаласы бойынша 2-3 балл шамасында сезілген.

“Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан”, – делінген қазақстандық сейсмологтар таратқан хабарламада.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, патрульдік бағыттар бойынша “ештеңе байқалмады”, жағдай тұрақты. “112” және “101” желілеріне тұрғындардан қоңыраулар түспеген.

“Қазселденқорғау” ММ мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу және сызаттар анықталмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз