Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдейді

0
80
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні ресми түрде Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде танитынын мәлімдейді деді Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі.

Арнайы брифингте әкімдік өкілі АҚШ президентінің 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындайтынын мәлімдейтінін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Оның сөзінше, «бұл тарихи шындықты да, замануи шындықты да мойындау», сонымен қатар бұл қандай да бір келіссөз процесінің бейбіт жолмен реттелуіне және шекара мәселесіне қатысты емес.  Ақ үйде айтылғандай, Трамп Таяу Шығыс елдерінің басшыларымен өз шешімін талқылап, сондай-ақ Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт реттеу үдерісіне тартылған шетелдік көшбасшылардың қолдауына ие болды. Сонымен қатар Ақ үйдің хабарлауынша, Иерусалим бойынша шешім Израильдің шекараларына қатысты АҚШ саясатын өзгертпейді.

Америка әкімдігі өкілінің мәліметінше, Трамп сәрсенбі күні Израильдегі Америка елшілігінің Тел-Авивтан Иерусалимге көшірілетінін хабарлайды. Трамптың сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 21 сағатта тиісті мәлімдеме жасайтыны күтілуде.

Трамптың аталған шешімін Израильде әділ және тарихи дұрыс қадам деп атады. Сонымен қатар, бұл ниет бірқатар араб елдері басшылары тарапынан сынға ұшырады, ал Еуропалық Одақ Таяу Шығыстағы проблеманы шешу үшін ықтимал залал туралы ескертті.

Атап өтерлігі, Израиль жарты ғасыр бұрын Иорданиядан жаулап алынған оның шығыс аудандары мен тарихи орталығын есепке алғанда Иерусалимді өзінің «бір және бөлінбейтін» астанасы деп жариялады. Әлемдік қауымдастық аннексияны мойындамады және қаланың мәртебесін Таяу Шығыстағы қақтығыстардың негізгі мәселесінің бірі ретінде қарастырады. Осыған байланысты барлық шетелдік елшіліктер Тел-Авивте орналасқан.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз