Макрон мен Трамп Сириядағы жағдайды талқылауға келісті

0
69
дереккөзден

Франция президенті Эммануель Макрон және АҚШ президенті Дональд Трамп өздерінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі әрекеттерін дүйсенбі Сирия мәселесіне қатысты жоспарлы талқылау барысында үйлестіруге келісті.

Қос президент БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өз бастамалары мен әрекеттерін дүйсенбі 9 сәуірде Нью-Йоркте үйлестіруге келісті деп жазады РИА Новости. Аталған кездесуде 2401 қарарына деген құрметсіздік және химиялық қаруды қайта қолдану мәселесі талқыланады деп күтілде. 

Аталған мәселеге қатысты жауапкершілік «нақты анықталуы керек» деп жазылады.

Макрон мен Трамп тығыз қарым-қатынаста болуға келісіп, жақын 2 тәулікте қайтадан пікірлесуге келісті.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тоғыз мүшесі – Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Польша, Голландия, Швеция, Перу, Кувейт және Кот-д’Ивуар Сириядағы мүмкін химиялық шабуыл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Дипломаттардың айтуынша, отырыс дүйсенбіде түстен кейінге жоспарланған. Ресей де дүйсенбіде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қауіп тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді.


Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Иранды Дума қаласындағы химиялық шабуылға қатысты (40 адам қайтыс болуы мүмкін) Сирия президенті Башар Асадтың әскерін қолдады деп айыптаған еді. Ресей Дума қаласын Сирия әскерилері тарапы хлормен мүмкін бомбалады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз